425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гренландияда мұз астынан ежелгі көл табылды

  • 100
  • UPD: 10:13, 12.11.2020
Гренландияда мұз астынан ежелгі көл табылды

Гренландияда мұз астынан алып көне көлдің қалдықтары табылды.

Ғалымдар су қоймасына жүз мыңдаған немесе миллиондаған жыл болуы мүмкін деп болжап отыр. Бұл туралы Science alert жазды.

Өткен жылы зерттеушілер Гренландиядағы мұз қабаттары астынан 50-ден астам көл тапты. Алайда бұл жолы табылған көл ерекше. Себебі оның ұзақ уақыттан бері кеуіп қалған бассейні қазір шөгінді материалмен – қалыңдығы 1,2 км-ге дейін бос жыныспен және 1,8 км мұз жамылғысымен толтырылған.

Су қоймасы 18 өзенмен байланысып жатыр, шамамен 580 текше метр су жиналады.

Қазір ғалымдар бассейннің төменгі жағындағы топырақтарды зерттеуде, өйткені зерттеушілер оны «ландшафт туралы ақпараттың маңызды қоймасы» деп санайды. Сондай-ақ сарапшылар Гренландияның қашан қатып қалғанын анықтай алады.

Көл NASA аэротүсірілімінің арқасында табылды.

Хабар 24 телеарнасы