423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайлық үш әріптесін кетпенмен ұрып мерт қылды

  • 85
  • UPD: 10:47, 12.11.2020
Қытайлық үш әріптесін кетпенмен ұрып мерт қылды

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясындағы Дацин қаласының тұрғыны жұмыстағы жанжал кезінде әріптестеріне кетпенмен шабуыл жасаған.

Үш адам алған жарақаттарынан қайтыс болды, тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлады жергілікті полиция.

Оқиға 10 қараша күні түстен кейін жергілікті мұнай компанияларының бірінде болған.

Полиция 47 жастағы күдіктіні ұстады, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы