425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилиялық шебер қорғаныш бетпердесіне иелерінің бейнесін салуды қолға алған

  • 74
Бразилиялық шебер қорғаныш бетпердесіне иелерінің бейнесін салуды қолға алған O Globo

Бразилиялық суретші Хорхе Рориз коронавирус індеті жағдайында өз шеберлігін қолданудың жолын тапқандай.

65 жастағы суретші матадан тігілген қорғаныш бетпердесіне иелерінің бейнесін салуды қолға алған. Шебер адамның бетперде жабатын тұсын фотоға қарап дәл айнытпай салып шығады. Роризаның еңбектері адамдардың көңілінен шығып, тапсырыс берушілер артқан. Ал шебер «адамдардың індет кезінде бетперде тағып келбетін жоғалтып алмауы маңызды», – дейді.

Хорхе Рориз, суретші:

– Адамдар бетпердеге салынған өз суреттеріне күліп жатады. Ал мен олардың көңілдерінің көтерілгеніне ризамын. Бұл іс бір досымның бетпердесіне сурет салып беруден басталды. Содан кейін маскаларын өз беттеріндей етіп бояуды қалайтындар қатары көбейді.

Хабар 24 телеарнасы