425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус: Иранда бір тәулікте 462 адам көз жұмды

  • 65
  • UPD: 15:37, 12.11.2020
Коронавирус: Иранда бір тәулікте 462 адам көз жұмды

Иранда коронавирустан қайтыс болғандар саны өсіп барады.

Соңғы бір тәулікте Ислам Республикасында дерттен 462 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл – елде індет таралғаннан бергі ең жоғары өлім көрсеткіші. Билік алдағы уақытта коронавирусқа қарсы тестілеуді күн сайын 100 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Иранда індет таралғалы дертке шалдыққандар қарасы 715 мыңға жеткен.

Самсум, жергілікті тұрғын:

– Менің ойымша, коронавирустан өлім-жітімнің өсуі адамдардың қауіпсіздік шараларын жеткілікті орындамауынан болып отыр. Денсаулық сақтау саласы да індетке дайын болмай шықты. Салдарынан дәрігерлеріміздің жанкешті еңбегіне қарамастан салаға үлкен ауыртпалық түсуде.

Хабар 24 телеарнасы