424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Вамко» дауылы Филиппинге жетті

  • 69
  • UPD: 18:16, 12.11.2020
«Вамко» дауылы Филиппинге жетті

Ұйытқыған желмен бірге келген жауыннан ел астанасы Маниланы су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апаттан 1 адам опат болды. Шаһар шетіндегі Марикина Сити ауданында 40 мыңға жуық үй су астында қалған. Қалада көлік қатынасы тұралап, әуе рейстері тоқтатылды. Порттар уақытша жабылған. Қазір дүлей желдің екпіні біраз түскен. Күн райын болжаушылар енді дауыл Въетнамға соғатынын айтады. «Вамко» дауылы – Филиппинге биылдыққа соққан 21-інші дауыл. Өткен қазан айында аймақта «Гони» дауылы ұйытқып, 25 адам опат болған еді.

Хабар 24 телеарнасы