427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда өлім-жітім көбейіп барады

  • 206
  • UPD: 23:29, 12.11.2020
Иранда өлім-жітім көбейіп барады euronews.com

Иранда да жағдай мәз емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күннің ішінде коронавирустан 462 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл – індет тарағаннан бергі ең жоғарғы өлім көрсеткіші. Билік алдағы уақытта коронавирусқа қарсы тестілеуді күн сайын 100 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Иранда жалпы ауру жұқтырғандар қарасы 715 мыңға жетті.

Самсум, жергілікті тұрғын:

– Менің ойымша, коронавирустан өлім-жітімнің өсуі адамдардың қауіпсіздік шараларын жеткілікті орындамауынан болып отыр. Денсаулық сақтау саласы да індетке дайын болмай шықты. Салдарынан дәрігерлеріміздің жанкешті еңбегіне қарамастан, салаға үлкен ауыртпалық түсуде.

Хабар 24 телеарнасы