423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропада коронавирус індеті қайта өршіп жатыр

  • 107
  • UPD: 23:23, 12.11.2020
Еуропада коронавирус індеті қайта өршіп жатыр

Еуропа қайтадан коронавирус эпидемиясының эпицентріне айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн сайын жаңа рекорд тіркеліп жатыр. Осыған байланысты кәрі құрлық елдері жаңа шектеу шараларын енгізіп әлек. Мәселен, Венгрияда кафе-барлар жабылып, студенттер қашықтан оқу режиміне көшті. Сақтық мақсатында азаматтардың 10 кісіден артық топ болып жиналуына тыйым салынған. Қазір елде коменданттық сағат орнаған. Босния мен Герцеговинада да осыған ұқсас жағдай. Бұл елде кешкі 23:00-ден таңғы 05:00-ге дейін тұрғындардың сыртқа шығуына рұқсат жоқ. Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша тағы да антирекорд тіркелді. Өткен тәулікте 439 адам қайтыс болды. 21 мыңнан астам кісі вирус жұқтырды. Инфекцияға шалдыққандар Америкада да көп. Әсіресе Огайо штатында. Шектеу шаралары Индиана штатында да жарияланды. Ол 92 округтың 87-сін қамтиды. Енді індеттен ең көп зардап шеккен өңірлерде 25 адамнан артық жиналуға болмайды.  

Эрик Холкомб, Индиана штатының губернаторы:

– Өкінішке қарай, азаматтардың көбі сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бүгінде медицина қызметкерлерінің жұмысы өте қауырт. Олар тынбай еңбек етуде.

Хабар 24 телеарнасы