Emirates әуе компаниясы 2020 жылдың алғашқы жартысында 3,5 млрд доллар шығынға батқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – соңғы 30 жылда болмаған көрсеткіші. Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, індетке байланысты Emirates қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр.
Жыл басынан бері компанияның табысы 75%-ке қысқарып қалған. Ал жолаушылар ағыны 95%-ке төмендепті.
Дегенмен, жуырда аталған компания Дубай үкіметінен 2 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек алған еді.