422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты қайтыс болды

  • 74
  • UPD: 10:28, 13.11.2020
Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты қайтыс болды

Жапонияда физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Масатоси Косиба 94 жасында қайтыс болды.

Масатоси Косиба 1926 жылы 19 қыркүйекте Тоехаси қаласында дүниеге келген, Токио университетінде білім алды.

1950-1960 жылдары ол жоғары энергетикалық космостық сәулеленуді, сонымен қатар атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы онымен байланысты құбылыстарды зерттеді.

2002 жылы америкалық ғалым Реймонд Дейвиспен бірге нейтрин астрономиясын құрғаны үшін физика бойынша Нобель сыйлығын алды.

Хабар 24 телеарнасы