422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция локдаун мерзімін ұзартты

  • 70
  • UPD: 11:33, 13.11.2020
Франция локдаун мерзімін ұзартты

Франция билігі бір күндегі коронавирусты жұқтыру дерегі 5 мыңға дейін төмендегенде локдаун тәртібін алып тастауды көздеген.

Алайда екі апта өткеннен кейін де елде күн сайын орта шамамен 35 мыңдай науқас анықталып жүр. Сондықтан бұрын жоспарлағандай, желтоқсанның бірінде ел локдауннан шықпайтыны анық. Яғни мейрамханалар, барлар мен спортзалдар ашылмай, халықтың көбісі қашықтан жұмыс істеуін жалғастырады. Тек жаңа жыл алдында шектеулер жеңілдетіледі. Оның өзінде де бәріне емес. Көптеген сауда орындары жылдық пайдасының жартысына жуығын қараша мен желтоқсан айларында табатын. Ал локдаун кезінде азық-түлік сатпайтын дүкендер жабық, тек тауарларын жеткізумен айналысып жатыр. 1 желтоқсаннан бастап, осы дүкендерді ашуға рұқсат беріледі. Ал мерекелік жәрмеңкелердің өтуі індет таралуына байланысты болады. Мейрамды жақсы көңілмен қарсы алу үшін ел тұрғындарына алдағы апталарда сақтық шараларын мұқият сақтау керек. Ал қазір болса, Франция ауруханаларындағы жансақтау бөлімдері 95 процентке толып кетті.  

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Біздің есебімізше, жағдай мүлде мүшкіл. Соңғы күндері жарты минут сайын ковидпен ауырған бір науқас ауруханаға жатқызылады екен, әрбір үш минут сайын бір науқас жан сақтау бөліміне түсіп отыр. Ауруы асқынған азаматтардың 40 проценті 65 жасқа жетпегендер. Сәуірде тіркелген көрсеткіштен асып түстік.

Хабар 24 телеарнасы