425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируспен ауырған ер адам сегіз саусағынан айырылды

  • 84
  • UPD: 11:57, 13.11.2020
Коронавируспен ауырған ер адам сегіз саусағынан айырылды

COVID-19-тан сауығып шыққан америкалық аурудың салдарынан сегіз саусағынан айырылды.

Ол туралы People басылымы хабарлады.

53 жастағы Грегг Гарфилд ақпан айында Италияға барған сапарында COVID-19 жұқтырған. Лос-Анджелестегі үйіне келген кезде ауыр тыныс алуына және өкпесінің ауыруына байланысты шағым айтып, ауруханаға жатқызылады.

Екі күннен кейін Гарфилд өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Сәуір айының басында науқас реанимациядан кәдімгі бөлімге ауыстырылды. Науқас 22 келі салмақ тастаған, сондай-ақ аяқ саусақтарының үшеуінің түсі қарая бастаған. Ал қан айналымының бұзылуына байланысты қолының сегіз саусағының жоғарғы фалангаларын кесуге тура келді. Гарфилд 64 күннен соң ғана ауруханадан шығарылды.

Осыдан кейін оған саусақтарын қалпына келтіру үшін жеті ота жасалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы, қауіпті аурудан аман қалғаны үшін өзін бақытты сезінеді.

Хабар 24 телеарнасы