423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тікелей эфир кезінде репортер тұрған көпір опырылды (видео)

  • 127
  • UPD: 12:54, 13.11.2020
Тікелей эфир кезінде репортер тұрған көпір опырылды (видео)

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында FOX 46 телеарнасының репортеры Эмбер Робертс тікелей эфир кезінде тасқын судың құрбаны бола жаздады.

Журналист тұрған табиғи апаттан зақымданған көпір ортасынан опырылды.

Бейне жазбада репортер қыз көпірдің зақымданған бөлігіне жақындап, сол туралы айтып тұрғанын байқауға болады. Дәл сол сәтте оператор көпірдің астындағы лас судың ағыны көрсетіп, белгі берді.

Камера бірден көпірдің қалай құлағанын көрсетеді. Дер кезінде қашып үлгерген тілші зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы