423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Індеттің кезекті толқыны Италияны есеңгіретті

  • 61
  • UPD: 14:19, 13.11.2020
Індеттің кезекті толқыны Италияны есеңгіретті

Індеттің бірінші толқынының ауыр зардабын тартқан Италияда эпидемиологиялық жағдай қайта ушығып тұр. Соңғы бір тәулікте елде коронавирусты жұқтырған 38 мың адам анықталып, 636 науқас бұл дерттен қайтыс болды.

Ауруханалар толып кеткендіктен дәрігерлер дабыл қағып отыр. Мәселен, Неаполь қаласы маңындағы ауруханада жедел медициналық жәрдем көліктері науқастарды тапсыру үшін ұзын кезекке тұруға мәжбүр. Мамандар коронавирусты жұқтыру санының күрт артуын жаппай тестілеумен байланыстырып отыр. Сондай-ақ жергілікті халық сақтық шараларына немқұрайлы қарайды екен. 

Бельгия астанасы Брюссель қаласында дәрігерлер наразылық шеруге шығып, жалақысын көтеруді талап етті. Біраз маман коронавирусты жұқтырып, қатардан шыққан. Ал ауруханаларда олардың орнын басатын адам жоқ. Сондықтан індетпен күресіп жатқан дәрігерлер мен медбикелерге түскен қысым артып, жұмысы көбейді.

Хабар 24 телеарнасы