420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19. Германияда ахуал тұрақтала бастады

  • 62
  • UPD: 14:20, 13.11.2020
COVID-19. Германияда ахуал тұрақтала бастады

Германияда бұрынғыша ковид-19 дертін жұқтыру саны жоғары.

Соңғы бір тәулікте бұл елде 20 мыңнан аса науқас анықталды.

Алайда билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл көрсеткіштің өсуі тоқтап, эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастағанын байқатып отыр.

Мамандардың айтуынша, бұған елде енгізілген карантин тәртібі әсер етті. Алайда бұл үрдіс әрі қарай сақтала ма, әлі белгісіз. Денсаулық сақтау саласының мамандары алдағы апталар күрделі болатынын ескертті.

Хабар 24 телеарнасы