423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19. Қытайдың кейбір аймақтары үшін қыс мезгілі ауыр тиюі мүмкін

  • 81
  • UPD: 16:12, 13.11.2020

Қыста Қытайдың кейбір өңірлерінде коронавирус індеті дендеп кетуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау істері жөнінде мемлекеттік комитет басшысының төрағасы мәлімдеді.

Сондықтан ел билігі індеттің алдын алу шараларына үлкен көңіл бөліп отыр. Коронавирусқа тестілеу ауқымын кеңейтпек. Бұл дертті жұқтыру қаупі жоғары халықтың 8 тобы белгіленді. Бұл тізімге ауруханалар мен дәріханалар, ауыл шаруашылық базарлардың қызметкерлері және мұздатылған өнімдермен айналысатын адамдар қосылды. Ең алдымен оларды тексереді. Оған қоса шетелден әкелінетін мұздатылған өнімдердің үлгілері үнемі сараптамадан өтетін болды.

Ли Бинь, ҚХР Денсаулық сақтау істері жөнінде мемлекеттік комитет басшысының төрағасы:

- Қысқы маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін бірнеше рет сарапшыларды шақырдық. Мамандардың пікірінше, қазір әлемде вирустың тез таралуына байланысты елге вирусты сырттан әкелу қаупі артқан. Қыста Қытайдың бірқатар өңірінде індет дендеп кетуі мүмкін. Сондай-ақ осы кезде респираторлық аурулар да жиілей түседі. Сондықтан індеттің алды алу шараларын жеңілдетуге болмайды. 

Хабар 24 телеарнасы