422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорнияда вирус жұққандар саны миллионнан асты

  • 56
  • UPD: 15:48, 13.11.2020
Калифорнияда вирус жұққандар саны миллионнан асты

Калифорния коронавирусты жұқтырған адамдар саны бір миллионнан асқан Техастан кейінгі елдегі екінші штат болды.

Соңғы екі аптада мұнда ауруханаға жатқызылған науқастар саны 32 процентке артты. Індеттің өршуіне байланысты эпидемиологтар халықты алда келе жатқан мейрамдар кезінде қарым-қатынастарын шектеуге және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды. Жалпы пандемия басталғалы АҚШ-та 10 миллионнан астам адам Ковид-19 дертін жұқтырып алған. 

Роберт Ким-Фарли, UCLA Университеті эпидемиология кафедрасының профессоры:

- Қазір бізде мейрамдар бірінінен соң бірі өтіп жатыр. Жақында болған Хэллоуинның салдарынан Калифорнияда және бүкіл ел аумағында ауруды жұқтыру саны өскенін көрдік. Көп ұзамай Ризашылық күнін, ал одан кейін Рождествоны атап өтеміз. Халық пандемияға байланысты биыл бәрі өзгеше болатынын түсінуі керек. Сондықтан сақтанып, көп адамның бірге жиналуын шектеу қажет.

Хабар 24 телеарнасы