424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Қазақстанның коронавируспен күресуіне қомақты қаржы бөлді

  • 85
  • UPD: 19:45, 14.11.2020

АҚШ үкіметі Қазақстанда COVID-19 індетімен күресте жәрдем көрсету үшін 5,7 миллион доллардан астам ақша бөлді.

Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы өзінің Халықаралық Даму агенттігі арқылы қажетті жабдық пен материалдарды сатып алғаны жөнінде жариялады. Бұл жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жобасы шеңберінде берілді дейді жауапты мамандар. Қажетті зертханалық материалдар вирусты тез анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ басқа да вирустық ауруларды дер кезінде анықтау мүмкін болады дейді дәрігерлер.

Хабар 24 телеарнасы