422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

YouTube жылдың ең үздік видеоларын анықтаудан бас тартты

  • 85
  • UPD: 16:17, 13.11.2020
YouTube жылдың ең үздік видеоларын анықтаудан бас тартты

YouTube 10 жылда алғаш рет үздік видеолар тізімін жасаудан бас тартты.

Жыл сайын YouTube ең танымал Rewind видеороликтерінің тізімін жасайтын. Дегенмен бұл жолы видеосервис аталған дәстүрден бас тарту туралы шешім қабылдады. Өйткені 2020 жыл басқа жылдардан өзгеше болып шықты.

«2010 жылдан бастап біз әр жылды Rewind-пен аяқтап келдік. Жылдың ең әсерлі видеолары мен трендтерін еске түсіретінбіз. Бірақ 2020 жыл өзгеше болды. Сондықтан осы жылы Rewind-ке үзіліс жасаймыз деп шештік», - деді YouTube-тің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы