423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пенсильвания соты Трамптың дауыс санағына қатысты шағымын қабылдады

  • 76
Пенсильвания соты Трамптың дауыс санағына қатысты шағымын қабылдады

Пенсильвания штатының соты Трамптың сайлау дауыстарын санауға қатысты шағымын қанағаттандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Рейтерс ақпарат агенттігі хабарлады. Себебі сайлау кезінде дауыс берушілер жеке бастарын растай алмағандықтан, он мыңдаған бюллетень жарамсыз деп танылған. Жалпы аталған штат заңына сәйкес, Пенсильванияның әрбір тұрғыны сайлаудан кейінгі 6 күн ішінде өз дауысының түпнұсқалығын растауға құқығы бар. Ол үшін штаттың мемлекеттік хатшысы Кэти Боквар бұл мерзімді 12 қарашаға дейін де ұзартқан. Алайда оның мұндай шешім қабылдауына өкілеттігі болмапты. Сондықтан сот бұл шешімнің күшін жойды. Дей тұрғанмен жергілікті БАҚ бұл жағдай штаттағы сайлау нәтижелеріне айтарлықтай әсер ете қоймайды дейді.

Хабар 24 телеарнасы