423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтыру бойынша тәуліктік рекорд тіркелді

  • 87
  • UPD: 18:27, 13.11.2020

Оңтүстік Кореяда жаңа тәуліктік антирекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде бір күнде 200-ге жуық ковид жұқтыру дерегі анықталған. Бұл қыркүйектің басынан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандардың көбі сеулдіктер екен.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Оңтүстік Кореяда маска режимін бұзғандарға айыппұл салына бастады. Дегенмен, 14 жасқа дейінгі балалар мен денсаулығы нашар тұрғындар қорғаныс құралын киюден босатылған. Сондай-ақ 2 метр арақашықтықты сақтаған жағдайда да маскасыз жүруге рұқсат етілген.

Хабар 24 телеарнасы