420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда науқастар өзге өңірлерге жіберіліп жатыр

  • 102
Францияда науқастар өзге өңірлерге жіберіліп жатыр

Францияда коронавирус кеселі өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастардың көптігі сонша, ауруханаларда орын жоқ. Осыған байланысты вирус жұқтырған азаматтар Страсбургтегі емханаларға көшіріліп жатыр. Айта кетейік, дәл осы қала індеттің алғашқы толқыны кезінде ең көп зардап шеккен еді. Науқастардың көптігінен олар керісінше Страсбургтен өзге өңірлерге жіберілген болатын. Тіпті Швейцария, Люксембург пен Германияға тасымалданған еді. Қазіргі жағдай мүлдем басқаша болып тұр.

Айта кетейік, бүгінге дейін Францияда 890 мыңнан астам инфекцияға шалдығу дерегі расталды.

Хабар 24 телеарнасы