423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Словенияда карантиндік шаралар күшейтілді

  • 93
Словенияда карантиндік шаралар күшейтілді

Словенияда коронавирусқа байланысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Томаш Гантар мәлімдеді. Жаңа тәртіпке сәйкес елде қоғамдық көлік қызметі тоқтайды екен. Өмірлік маңызы жоқ кәсіпорындар да жабылмақ.

Бұдан бөлек адамдардың топ болып жиналысына тыйым салынады. Жаңа ережелер кем дегенде екі аптаға созылады. Естеріңізге сала кетейік, эпидемия басталғалы бері Словенияда 50 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 700-ге жуық кісі көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы