Канаданың Монреаль қаласындағы француз компаниясында адамдарды кепілдікке алды деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті полиция арнайы операция жүргізіп, ғимараттың ішінен қарулы адамдарды да күдікті заттарды да кездестірмеген. Еске сала кетейік, кеше Монреальда компьютерлік ойындарды жасаушы «Ubisoft» француз компаниясындағы қызметкерлерді белгісіз біреулердің кепілдікке алғаны жайлы хабар тараған. Полиция дереу арнайы операция жүргізіп, ғимараттағы барлық адамды аман-есен эвакуациялаған. Алайда күдікті ешнәрсе кездестірмеген. Қазір тергеу жүріп, полицияға қоңырау шалған адам іздестіріліп жатыр.