423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Корея үкіметі таңғаларлық шоумен тұрғындардың көңілін көтерді

  • 93
  • UPD: 12:32, 14.11.2020

Әуедегі шоу. Бір демде Сеул аспанына жүздеген дрондар көтерілді.

Корея үкіметі осындай шара  арқылы ел тұрғындарының көңілін көтеруді жоспарлапты. Өзгені айтпағанда, соңғы жеті күн ішінде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын 100-ден асты. Ал 12 қарашада 191 адамнан қауіпті дерт анықталды. Арна тілшісі Владислав Цой әңгімелейді.

Тілші:

Корея аспанында ел үшін маңызды сандар мен даталар көрсетілді. 1988 Сеул олимпиадасы. Доп 2002 жылғы әлем чемпионатын білдіреді. Ұйымдастырушылар ел жетістіктерін көрсетіп, вирусты жеңуге болатынын айтуды жөн көріпті. Бұл Корей халқына әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтағаны үшін ризашылық белгісін білдіреді. Дрон компаниясы: «аспандағы құрылғыларды соқтығыстырмай басқару – ең қиыны», – дейді.

Им Хён, дрон құрастыру компаниясының президенті:

– Соңғы дрондар шоуымен салыстырғанда, биыл заң өзгеріп, қала орталығында ұшуға рұқсат етілді. Ұшу ұзақтығы өсті. Сонымен бірге Кореядағы ең көп дрондар аспанға көтерілді.

Владислав Цой,  тілші:

Бір дронның салмағы 900 грамм. Бағдарламаға барлығы 315 дрон қатысты.

Алғашқы дрондар шоуы 4 ай бұрын Сеулде өткен. Ол кезде олардың саны бұдан аз болды әрі ұшуы екі минутқа қысқа еді. Көлік министрлігі мұндай шоуларды жылына бірнеше рет өткізуге шешім қабылдады.

Мун Сок Джун, Кореяның Жер, Инфракұрылым және көлік министрлігінің департаменті бастығы:

– Дрондар шоуы отшашуға қарағанда әлдеқайда арзан. Сонымен қатар отшашулар қоршаған ортаға зиян тигізеді.

Келесі дрон шоуы тағы да коронавирусқа арналады. Бірақ дрондардың қандай фигураларды көрсететіні COVID-19-ға қарсы күрес жағдайына байланысты болады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы