422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мыстан кемпірдің зымыраны. Өнертапқыштар сыпыртқы көлік шығарды

  • 104
  • UPD: 20:37, 14.11.2020

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жергілікті өнертапқыштар жаңа көлік жасап шығарды.

Бірақ жаңа қозғалыс құралы әдеттегі көліктерден өзгешелеу. Ол Гарри Поттер фильміндегі кейіпкерлер ұшатын сыпыртқыға ұқсайды. Қозғалтқышы мен дөңгелегі бар шағын көлікпен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Өнертапқыштардың айтуынша, ол әсіресе көлік кептелісі көп көшелерде жүруге ыңғайлы. Құрастырушылар алдағы уақытта оны жаппай сатылымға шығаруды көздейді.

Алессандро Руссо, өнертапқыш:

- Біздің мақсатымыз бұл сыпырғышты дүние жүзіне сатуды жолға қою. Мүмкін келешекте онымен квиддич сынды жаңа спорт түрін ойлап табатын шығар. Көшеде мұнымен өзіңізді ұшып жүргендей сезінесіз. Тек тепе-теңдікті сақтасаңыз болғаны.

Хабар 24 телеарнасы