423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Google бірнеше миллион жалған жарнаманы өшіріп тастады

  • 72
  • UPD: 18:30, 14.11.2020
Google бірнеше миллион жалған жарнаманы өшіріп тастады

«Google» (Гугл) компаниясы коронавируспен күрес мақсатында түрлі тауарлар мен қызметтерге қатысты 250 миллионнан астам жарнаманы сайтынан алып тастады.

Бұл туралы Брюссельде әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс мәлімдеді. Еурокомиссия қазір жасанды ақыл жүйесінің Еуропа тұтынушыларының қауіпсіздігіне ықпалын зерттеп жатқан көрінеді. Оның ішінде жасанды ақылды қолдану арқылы жеке мәліметтер ұрланады. Яғни осындай жүйені пайдаланудан тұтынушыларға төнетін қауіп бар. Зерттеудің қорытындысы бойынша Еуроодақтың жеке реттеуші нұсқауы шығады.

Дидье Рейндерс, Әділет жөніндегі еурокомиссар:

- Коронавирустан кейінгі әлемді құруда тұтынушыларды жаңа сын-қатерлер күтіп тұр. Еурокомиссия мен Еуроодақ елдерінің ұлттық қоғамдары азаматтарды қорғау үшін 11 жетекші электрондық платформаммен бірлесіп әрекет етіп жатыр. Ішінде «Amazon» мен Фейсбук бар. Мысалы, «Гугл» компаниясы індет басталғалы коронавируспен күресуге көмектеседі деген алаяқтық жарнамасы бар 250 миллионнан астам хабарды жойды. Ал eBay (иБэй) электрондық аукционы 44 миллионнан астам жарнаманы өшірді. Мұндай жұмыс одан әрі жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы