424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лос-Анджелесте бейсбол стадионы тест тапсыратын орынға айналды

  • 61
  • UPD: 19:20, 14.11.2020
Лос-Анджелесте бейсбол стадионы тест тапсыратын орынға айналды

АҚШ-тың Калифорния штатында коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионға жетті.

Қараша айының алғашқы аптасында індет көрсеткіші 50 процентке өскен. Вирустың күшеюіне байланысты Лос-Анджелестегі Доджерс бейсбол клубының стадионы уақытша коронавусқа тест өткізетін алаңға айналды. Күн сайын стадион алаңында мыңдаған тест өткізіледі. Адамдар көліктерімен келіп тест тапсыруына болады. Ұзын-сонар кезек де жиі болады. Бұған дейін Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарының биліктері аса қажеттілік болмаса сапарлардан бас тартуға шақырған.

Луис Кальдерон, Лос-Анджелес қаласының тұрғыны:

- Коронавирусқа қарсы тесттен өту үшін тек онлайн тіркеліп, өзіңіз туралы толық ақпарат беру керек. Содан кейін тексерістен өтетін уақыт сол күнге немесе келесі күнге белгіленеді. Бұл өте ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы