425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Румынияда ауруханадан өрт шығып, 10 адам қаза тапты

  • 268
Румынияда ауруханадан өрт шығып, 10 адам қаза тапты

Румынияның Пьятра-Нямц қаласындағы ауруханада өрт шығып, 10 адам қаза тапты.

Тағы 7 кісі жарақат алды. Олардың ішінде науқастарды құтқармақ болған бір дәрігер мен 2 мейірбике бар. Ақпарға қарағанда, өрт коронавирустан емделушілер жатқан интенсивті терапия бөлімінде тоқтың қысқа тұйықталуынан шыққан. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Румынияда індет таралғалы вирусты жұқтырғандар саны 350 мыңнан асқан. Дерттен 8 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы