425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Трамптың мыңдаған қолдаушысы шеруге шықты

  • 106
  • UPD: 12:02, 15.11.2020
АҚШ-та Трамптың мыңдаған қолдаушысы шеруге шықты

АҚШ астанасында мыңдаған адам Дональд Трампты қолдап, шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияға қатысушылар дауыстарды қайта санауды талап етуде.

Шерушілер Трамптың қарсыластары елдің бірқатар штатында сайлау қорытындысын бұрмалап, Джо Байденнің жеңісіне жол ашқанын айтады. Шерушілер алдымен Ақ үй алдына жиналып содан кейін Жоғарғы сотқа бет алды. Бірақ акция еш қақтығыссыз бейбіт өтті.

Айта кетейік, бұған дейін президент Дональд Трамп пен оның командасы сайлау бюллетеньдерін санауда заңбұзушылық болғанын айтып, кей штат сотына шағым түсірген. Іспен Әділет министрлігі айналысып жатыр. Бірақ бірқатар штат шағымды негізсіз екенін айтып кері қайтарған.

Хабар 24 телеарнасы