422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатты

  • 107
Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатты

Бұл туралы оның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осылайша Жапаров алдағы президенттік сайлауға елдің қарапайым азаматы ретінде қатысуды шешкен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал президенттің міндетін уақытша парламент спикері Талант Мамытов атқарады. Үкімет басшысының міндеті бірінші премьер-министр Артем Новиковқа жүктелді.

Айта кетейік, Қырғызстанда жаңа президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген. Садыр Жапаров Орталық сайлау комитетіне өзінің құжаттарын өткізіп те қойды. Комиссияның хабарлауынша, сайлауға қатысуға 63 адам өтініш берген.

Талант Мамытов, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы:

– Мемлекет басшысының міндетін атқаруға кірісе отырып, мен халық алдындағы жауапкершілігімді толық сезінемін. Конституциялық құқық шеңберінде халықтың бейбіт өмірі мен еліміздің тұрақтылығын қорғау үшін бар күшімді саламын. Халық осы бағыттағы менің барлық ісімді қолдайды деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы