420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австрияда қайта карантин енгізіледі

  • 137
  • UPD: 12:52, 15.11.2020
Австрияда қайта карантин енгізіледі БелТА

Австрияда коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты қайта қатаң карантин енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің канцлері Себастьян Курц мәлімдеді. Шара келесі аптаның сейсенбісінен бастап желтоқсанның алтысына дейін жалғасады. Жаңа тәртіпке сай елдегі барлық мектептер қашықтан оқуға көшіп, балабақшалар жабылады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа сауда орындары жұмыстарын тоқтатады. Дәмханалар мен барлар тағамды тек жеткізіп беру бойынша қызмет көрсетеді. Ал тұрғындар үйлерінен тек жұмысқа бару, туыстарына көмектесу және таза ауада серуендеу үшін ғана шыға алады. 

Себастьян Курц, Австрия канцлері:

– Егер біз шектеу шараларын қазір қатаңдатпасақ, науқастар саны артып, ауруханаларға ауыртпалық түседі. Сондықтан мен тұрғындардан алдағы 1 айда оқшаулануды сұраймын. Себебі әрбір кездесуден дертті жұқтыру қауіпі жоғары.

Хабар 24 телеарнасы