425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерландта жаңажылдық отшашуға тыйым салынды

  • 86
Нидерландта жаңажылдық отшашуға тыйым салынды

Нидерланд жаңа жылда отшашулар мен пиротехниканың барлық түрлерін қолдану тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап.

Бұл шешім жедел жәрдем қызметкерлеріне COVID-19 ауруына шалдыққан адамдарға көмектесуге және отшашу жарылыстарынан зардап шеккендерге алаңдамауға мүмкіндік беру үшін қабылданды.

Ел билігі жылма жыл жаңа жыл түні пиротехникадан зардап шеккен адамдар санынң көп болуына байланысты ауруханалар үшін бұл ең ауыр кезеңдердің бірі екенін жеткізді. Пандемия жағдайында бұл қолайсыз: ауруханаларда онсыз да COVID-19 пациенттеріне толып тұр.

Дегенмен қол бенгал оттары сияқты ең қарапайым отшашуларды қолдануға рұқсат берілді.

Хабар 24 телеарнасы