423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинде «Вамко» дауылынан қаза тапқандар саны артты

  • 88
Филиппинде «Вамко» дауылынан қаза тапқандар саны артты 24tv.ua

Филиппинде «Вамко» дауылынан опат болғандардың саны 67-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 12 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Сәрсенбі күнгі дауылдан кейін Лусон аралында бірқатар елді мекенді су басқан. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал дауыл Вьетнамға қарай бет алған. Сағатына 165 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел Вьетнамның жағалауындағы провинцияларды басып өтеді деген болжам бар. Аталған аймақтардан жарты миллионға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Хабар 24 телеарнасы