422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде бір тәулікте 23 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

  • 79
  • UPD: 19:47, 15.11.2020

Ресейде індет күшейіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда екінші күн қатарынан 22 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. Соңғы тәулікте 352 адам қайтыс болған. Сөйтіп коронавирустан жан тапсырғандардың қарасы 33 мыңнан асты. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 млн-ға жуықтады. Дерт әсіресе Мәскеу, Мәскеу облысы және Санкт-Петербург қаласы аумағында көп таралған. Биліктің мәлімдеуінше, вирус жұқтырғандардың үштен бірінде аурудың нышандары байқалмаған. Бұған дейін Мәскеуде бірқатар шектеу қатаңдатылып, түнгі клубтар мен жоғары оқу орындарының біразы жабылған. Колледждер қашықтан оқып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы