423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы құрылды

  • 107
  • UPD: 22:49, 15.11.2020

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі 15 мемлекет әлемде ең ірі еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды.

Құжатты Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері қауымдастығына кіретін 10 мемлекет пен Қытай, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия бекітті. Салтанатты шара Вьетнамда осы қауымдастықтың онлайн өткен саммитінде жүзеге асты.

Болжамға қарағанда аймақтық экономикалық серіктестік әлем экономикасы мен халқының 30 процентін қамтиды. Ұйымға мүше елдер арасында кедендік рәсімдеу оңтайландырылып, тауарлардың 92 процентіне тарифтерді төмендету көзделген.

Құжаттың тағы бір ерекшелігі: Қытай мен Жапония осы тарифтерді төмендету бойынша алғаш рет келісімге келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы