424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Римде санитарлық талаптарды бақылау күшейтілді

  • 69
  • UPD: 07:51, 16.11.2020
Римде санитарлық талаптарды бақылау күшейтілді

Италия астанасында полиция қоғамдық орындардағы санитарлық талаптарды бақылауды күшейтті. Себебі елдің кей аймақтарында індеттің таралуы күшейіп, жаңа шектеу шаралар енгізілген.

Осыған байланысты Римнің туристік орындарында тәртіп сақшыларының қарасы көбейді. Ал ресми дерекке сүйенсек, Италияда вирусты жұқтырғандар саны 1 миллион 100 мыңнан асқан. Жергілікті билік жақында Тоскана, Ломбардия, Калабрия, Пьемонт және Кампания өңірлерін қызыл аймаққа жатқызып, шектеулерді қатаңдатты. Осы өңірлердегі мейрамханалар жабылып, азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істеп тұр. Ал тұрғындардың себепсіз үйден шығуына тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы