423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Колумбияда толассыз жауын су тасқынына ұласты

  • 260
Колумбияда толассыз жауын су тасқынына ұласты

Колумбияның батысында бірнеше күннен бері толассыз жауған жауыннан бірқатар елді мекенді су басып жатыр.

Тасқыннан Чоко аймағы көп зардап шегуде. Кей жерлерде су деңгейі үйдің төбесіне дейін жетеді. Антьокия аймағында лай көшкіні жүріп, 3 адам опат болды. Тағы 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Туристік Картахен қаласын да су басқан. Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Мойзес Кордова, Льоро қаласының мэрі:

- Тасқын кезінде жарықсыз қалдық. Қаламыз енді-енді төтенше жағдай тәртібінен шығып, экономиканы қалпына келтіруге кірісе бастап еді. Табиғат апатынан халіміз тіптен қиындады.

Хабар 24 телеарнасы