423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстандағы жоғарғы оқу орындары дәстүрлі оқу форматына оралды

  • 80
  • UPD: 10:25, 16.11.2020

Өзбекстанның жоғары оқу орындары бүгіннен бастап  дәстүрлі оқу форматына қайта оралды.

Алайда қай курстың студенттері университетке барып оқитынын білім ошағының басшылары өздері шешуі тиіс. Бұрынғы форматқа өтпес бұрын жергілікті билік шәкірттер мен олардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізген еді. Сұрақ-жауапқа қатысқан 400 мыңнан астам респонденттің 80 проценті офлайн оқуды қалаған.

Айта кетейік, пандемияға байланысты өзбек студенттері осы уақытқа дейін қашықтан оқып келген еді. Енді жаңа талаптарға сәйкес, аудитория іші тек 50 процентке толуы тиіс. Ал жатақханаларда ковид-19 жұқтырып алғандар үшін арнайы изоляторлар ашылмақ. Сонымен қатар университеттерде санитарлық-эпидемиологиялық мамандар мен дәрігерлерден құралатын жедел штаб құрылады.  

Мафтуна Касимова, студент:

- Пандемия біздің оқуымызға жақсы жағынан да, жаман тұсынан да әсер етті. Жақсы жағын айтатын болсақ, карантин кезінде біздің бос уақытымыз көп болды. Осылайша ғаламтор арқылы шет тілін меңгеруге мүмкіндік туды. Ал екінші жағынан көптеген студент облыстарға, аудандар мен ауылдарға оралды емес пе. Ал ол жақтарда интернет нашар. Сол себепті олар біраз онлайн сабақтарға қатыса алмады. Негізі біз дәстүрлі оқуды сағынып қалыппыз.

Хабар 24 телеарнасы