422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирияның сыртқы істер министрі көз жұмды

  • 61
  • UPD: 09:45, 16.11.2020
Сирияның сыртқы істер министрі көз жұмды NEWS.ru

Сирияның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Валид Муаллем 79 жасында өмірден озды.

Бұл туралы дүйсенбі күні SANA хабарлады.

«Сыртқы істер және мигранттар істері жөніндегі министрлік вице-премьер және сыртқы істер және мигранттар істері жөніндегі министр Валид Муаллемнің қазасына қайғырып отыр», – делінген мәліметте.

Министрдің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Валид Муаллем аталған министрлікте 1964 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол Сирияның Танзания, Сауд Арабиясы, Испания, Ұлыбританиядағы дипломатиялық миссияларында қызмет еткен. Әр жылдары Сирияның Румыния және АҚШ-тағы елшісі болған. Ал ведомство басшысы болып 2006 жылы тағайындалған.

Хабар 24 телеарнасы