Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ковидке шалдыққан науқаспен қарым-қатынастан кейін карантинге жіберілді.
Бұл туралы британдық ақпарат құралдары хабарлайды. Белгілі болғандай Джонсон таяуда ковид диагнозы расталған елдің парламент мүшесімен байланыста болған.
Естеріңізге салайық, премьер наурыз айында коронавируспен ауырып шыққан болатын. Саясаткер бірнеше күн ауруханада жатып, сәуір айында қызметіне қайта кіріскен еді.