423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық бір жылдан сәл астам уақыт ішінде 165 келіге арықтаған

  • 79
  • UPD: 11:10, 16.11.2020
Америкалық бір жылдан сәл астам уақыт ішінде 165 келіге арықтаған dailymail.co.uk

АҚШ-тың Огайо штатына қарасты Патаскала қаласының тұрғыны бір жыл үш айда өзі құрған әдістеменің арқасында 165 келіге арықтаған, деп жазады Daily Mail.

23 жастағы Захари Манси бала күнінен артық салмақтың зардабын шегіп келген, ал мектеп бітірген соң жағдай тіпті ушығып кеткен. Ол таңғы, түскі және кешкі ас ретінде тек фастфуд жеп, күніне 8 мың калория қолданған. Соның салдарынан екі жыл ішінде 127 келі салмақ қосқан.

Таразы тілі 317 келіні көрсеткенде, Манси өзі жүріп-тұра алмағандықтан, мүгедектерге арналған арбаны пайдалануға мәжбүр болған.

2019 жылы дәрігерлер оған артық салмақ өлімге алып келуі мүмкін екенін ескерткен. Осыдан соң ер адам өз өмірін өзгерту туралы шешім қабылдаған.

Манси өзінің сүйікті тағамдарының диеталық нұсқаларын ойлап тауып, газдалған сусындардан біржола бас тартқан. Қазір оның күніне тұтынатын тағамдарының құнарлығы 2 мың калориядан аспайды және ол тәулігіне 140 грамм ақуыз пайдалануды да әдетке айналдырып, спортқа да ден қойған.  

Нәтижесінде жас жігіт 165 келі салмақтан арылған. Қазір ол ешкімнің көмегінсіз қозғалады. Ал салмағы 95 келіге тең.

Бұл жетістігіне отбасы мен достарының арқасында жеткенін айтады.

«Өмірім түбейгейлі өзгерді. Достарым да, туыстарым да таңғалады, кейбіреулері мені танымай да қалып жатады. Айнаға қарағанда өзімді өзім танымай қаламын, бірақ қазір өзімді жақсы көруді үйреніп жүрмін. Өмірімді қайтарып алғаныма қуаныштымын», – дейді ол.

Қыркүйекте ресейлік зейнеткер бес сағатта 9,3 келі салмақ тастап, Ресейдің рекордтар кітабына енген болатын.

Хабар 24 телеарнасы