424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда көгершін рекордтық сомаға сатылды

  • 54
  • UPD: 12:25, 16.11.2020
Бельгияда көгершін рекордтық сомаға сатылды

Бельгияда өте жылдам көгершінді сату бойынша рекорд орнатылды.

Құс 1,6 миллион еуроға сатылды. Ол бастапқыда аукционға небәрі 200 еуроға қойылған, деп жазды ВВС.

Жаңа Ким есімді құсты қытайлық танымал көгершіндер жарысына қатысу үшін сатып алған.

Көгершін 2018 жылы бірқатар жарыста, оның ішінде орта қашықтықтағы ұлттық жарыстарда жеңіске жеткен.

Бұған дейінгі рекорд Армандо есімді көгершінге тиесілі болған еді. Ол 2019 жылдың наурызында Бельгияда 1,252 миллион еуроға сатылды.

Хабар 24 телеарнасы