425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мехикода карантин күшейтілді

  • 73
  • UPD: 14:06, 16.11.2020
Мехикода карантин күшейтілді

Мексика астанасы Мехикода карантин талаптары күшейтілді. Аймақтағы барлық мейрамханалар мен барлар жұмысын тоқтатты.

Ал фитнес-орталықтар, кинотеатр, мұражай мен көрмелер кешкі сағат 19:00-дан кейін жұмыс істемейді. Бұған шаһардағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп.

Қала мэрінің айтуынша, аймақ тұрғындары санитарлық ережелерге немқұрайлы қарап, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтамайды. 

Клаудия Шейнбаум, Мехико қаласының мэрі: 

- Ауруханаға түскендердің саны артып барады. Науқастар көбінесе инфекцияны ғимараттың ішінде жұқтырып жатыр. Сондықтан осындай шешім қабылдауымызға тура келді.

Хабар 24 телеарнасы