422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мичиганда жаңа шектеу шаралары енгізілді

  • 62
  • UPD: 15:12, 16.11.2020
Мичиганда жаңа шектеу шаралары енгізілді

АҚШ-та коронавирус індеті дендеп барады. Жергілікті билік кей штаттарда карантин режимін қатаңдатып жатыр.

Мичиган штатында мектептер мен колледждер жабылды. Сонымен қатар мейрамханалар мен барлар 3 аптаға жұмысын тоқтатты. Жаңа шектеу шаралары сәрсенбіден бастап іске аспақ.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бұл штатта 275 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Ал ел аумағы бойынша тіркелген науқастар қатары 11 миллионнан асты.

Хабар 24 телеарнасы