422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде ерекше наразылық акциясы ұйымдастырылды

  • 56
  • UPD: 15:42, 16.11.2020

Неміс парламент ғимаратының алдында жарты сағаттың ішінде шатырлы қалашық орнатылды.

Осылайша белсенділер депутаттар мен билік өкілдерінің назарын елдегі миграциялық саясатқа аудармақ болды. Наразылар орнатқан 80-ге жуық шатыр арқылы Грекия аралдарында мекендейтін мигранттардың өмір сүріп жатқан жағдайын көрсетпек болған. Акцияны ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың Еуроодақ аймағында болғанына өкініш білдіріп, жергілікті биліктен шарасыз қалған келімсектерге баспана беруді талап етеді.

Естеріңізге салсақ, қыркүйек айында Лесбос аралындағы «Мория» мигранттар лагері өртеніп шамамен 12 мыңға жуық босқын далада қалған еді. Грекия билігі оларға жаңа лагерь ұсынса да ондағы жағдай сын көтермейді екен. 

Кристиан Шмидт, белсенді: 

- Мигранттарға лық толы лагерьлерден адамдарды эвакуациялау керек. Жуырдағы өрттен кейін босқындар қолдағы барынан айырылды. Адамдардың мұндай жағдайда өмір сүруі мүмкін емес. Еуроодақ адамгершілік танытып, мигранттарға қол ұшын созу керек.

Хабар 24 телеарнасы