424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жерге жақындаған қауіпті аспан денесі ежелгі зымыран болып шықты

  • 95
  • UPD: 16:07, 16.11.2020
Жерге жақындаған қауіпті аспан денесі ежелгі зымыран болып шықты

Қыркүйек айында Жерге жақын келген «астероид» 1966 жылы Канаверал мүйісінен Айға ұшырылған америкалық «Центавр» зымыранының қалдығы болып шықты.

NASA-ның пайымдауынша, ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы Күнді айналып өтіп, енді біздің планетамызға оралды.

Ол секундына сегіз шақырымнан астам немесе 29 мың км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ғалымдардың болжамы бойынша, «астероид» алысқа кетпес бұрын Жерді екі рет айналып шығады.

2020 SO нысаны 1 желтоқсанда планетамызға жақындайды.

Хабар 24 телеарнасы