425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда 150 адам коронавирусты қайта жұқтырған болуы мүмкін

  • 59
Швецияда 150 адам коронавирусты қайта жұқтырған болуы мүмкін

Қатаң карантиндік шаралардан бас тартып келген Швециядағы көрсеткіштер көңіл көншітпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Статистика мұндағы эпидемиологиялық ахуалдың көрші елдердегі жағдайдан нашар екенін көрсетіп отыр. Мәселен, елде коронавирусты жұқтыру деректері Финляндиямен салыстырғанда, шамамен 10 есе, Норвегиямен салыстырғанда 6 есе көп. Сарапшылардың айтуынша, бұл елдер індетпен күресті ерте бастап кеткен. Олардағы көрсеткіштердің салыстырмалы түрде жақсы болуы да осыған байланысты дейді. Айта кеткен жөн, Еуроодақ елдерінің ішінде қатаң шаралардан бас тартып келген жалғыз ғана мемлекет – Швеция. Билік ұжымдық иммунитетке үміт артып, осылайша карантиннің экономикаға кері әсерін азайтпақ болған. Алайда жуырда корольдіктің бас эпидемиологы «Швед моделінің» тиімсіздігін мойындады. Қазір мұндағы вирус жұқтырғандар саны 177 мыңнан асады. Ел астанасы Стокгольмде тапсырылып жатқан әрбір бесінші тест оң нәтиже көрсетіп жатыр. Одан бөлек, мұнда «150 адам індетті қайта жұқтырған» деген мәлімет бар. Қазір қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі бұл деректерді тексеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы