424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусь президенті түрлі түсті төңкеріске төтеп берудің жолымен бөлісті

  • 61
  • UPD: 22:26, 16.11.2020

Беларусь елінің басшысы Александр Лукашенко түрлі түсті төңкеріске төтеп берудің жолымен бөлісті.

Айтуынша, Тәуелсіз елдер достастығы, Еуразиялық экономикалық елдері, ұжымдық қауіпсіздік келісімі сынды іргелі ұйымдардың терең интеграциясы мен өзара байланысты нығайту – түрлі түсті революцияға қарсы тұрудың тиімді тетігі болмақ. Беларусь басшысы атап өткендей, өзге интеграциялық ұйымдарда посткеңестік елдер тек шикізат доноры, арзан жұмыс күші мен арзанқол тауар нарығы ретінде қарастырылады. Сондықтан мұндайға жол бермес үшін экономика, қауіпсіздік, адами қарым-қатынас бағытында күш біріктірген абзал.

Александр Лукашенко, Беларусь президенті:

- Тек келісілген стратегиялық жоспарлау, өндірістік кооперация мен бір-бірімізді қолдаудың арқасында ғана жаһандық проблемалармен күресіп, елдеріміздің егемендігіне төнген қауіптен аман қала аламыз.

«Хабар» агенттігінің төрағасы Ерлан Бекхожиннің халықаралық журналистермен бірге Александр Лукашенкомен болған сұхбатын таяуда «Хабар» арнасынан көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы