425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Вакцина індетті жеңуге жеткіліксіз

  • 47
  • UPD: 09:44, 17.11.2020
ДДСҰ: Вакцина індетті жеңуге жеткіліксіз

Коронавирусқа қарсы вакцина індеттің таралуын бақылауға алуға мүмкіндік бергенімен, бұл COVID-19-ды жеңу жолындағы жалғыз шара емес.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гейбрейесус мәлімдеді. Оның айтуынша, қауіпті дертке қарсы екпе дайын болған күннің өзінде тестілеу, науқастарды анықтау және оқшаулау сынды шараларды жалғастыру қажет. Бұл денсаулық саласына түсетін ауыртпалықты жеңілдетіп, өлім-жітімді азайтады. Айта кетейік, қазірге дейін әлемде 3 вакцина клиникалық сынақтың соңғы үшінші кезеңін аяқтады.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Қазір коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты жақсы жаңалықтар пайда бола бастады. Бірақ біз сақтықты ұмытпауымыз қажет. Арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі әлем елдеріндегі әсіресе Еуропа мен Америкадағы індетпен байланысты жағдай қатты алаңдатады.

Хабар 24 телеарнасы