422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ CureVac фармацевтикалық компаниясымен келісімшартқа отырды

  • 62
  • UPD: 09:46, 17.11.2020
Еуроодақ CureVac фармацевтикалық компаниясымен келісімшартқа отырды

Еуроодақ CureVac биотехнологиялық компаниясымен COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны сатып алу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – осымен одақты коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз ететін бесінші келісімшарт. Құжатқа сәйкес неміс компаниясы Еуроодаққа 405 млн доза екпе жеткізуі тиіс. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен хабарлады. Оның айтуынша, жақын арада Еуроодақ вакцина өндіретін америкалық Moderna фармацевтикалық компаниясымен де келісімге отырмақ.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы:

– Жуырда BioNTech пен Pfizer компаниясымен келісімшартқа отырғаннан кейін тағы бір фирмамен вакцина жеткізу туралы құжатқа қол қойдық. Енді Одақ еуропалық CureVac компаниясынан 405 млн доза вакцина сатып алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы